«Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші желісі іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші желісі іске қосылды

23.10.2023

Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов телекөпір арқылы «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісін іске қосты. Осылайша Маңғыстау облысындағы шалғай елді-мекеннің бәріне көгілдір отын жетті. Жоба мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып отыр. Әлихан Смайлов көгілдір отын аймақтағы ірі өнеркәсіптік нысандарды қамтамасыз етуге де артығымен жететінін айтты.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

Екі газ құбырының жалпы өткізу қабілеті шамамен 9 млдр текше метрді құрайды. Осының арқасында Маңғыстау облысының тұрғындарымен қатар «МАЭК» ЖШС сияқты маңызды кәсіпорындар да табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етіледі. Яғни, өңір халқы алдағы уақытта электр қуатымен жылудан таршылық көрмейтін болады.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу