Шымкентте қызылша ауруы өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қызылша ауруы өршіп тұр

24.10.2023

Шымкент қаласында қызылша ауруы өршіп тұр. Қазір мегаполисте бұл аурумен күнде 70-тен астам адам дәрігерге қаралып, ауруханаға жатуда. Қызылшамен ауырғандардың көбі балалар. Оның ішінде 90 пайызы әлі төрт жасқа толмаған бүлдіршіндер. Жалпы жыл басынан бері қызылшаға 4 мың адам шалдыққан. Дәрігерлердің айтуынша, олардың басым бөлігі сырқатқа қарсы дер кезінде екпе салдырмағандар. Медицина қызметкерлері осы жәйтке қатты алаңдаулы. Өйткені қызылшаға қарсы уақтылы емделмесе, оның салдары өкпенің қабынуы мен мененгит дертіне соқтырады.

Мұрат Бейсенбаев, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшысы:

Аурудың тағы бір себебі 2-3 жыл бұрын пандемия кезінде жоспарлы екпе алуы керек балалардың көбі қалып кеткен. Карантин болды, үйден шыққан жоқ, емханаға бармады. Көбіне сол балалар арасында тіркеліп жатыр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу