Газа секторында 5 мыңдай палестиналық мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газа секторында 5 мыңдай палестиналық мерт болды

24.10.2023

Израиль Газа секторын бомбалауды тіпті күшейтті. Соңғы тәуліктің өзінде мұнда 400-дей нысанға соққы берілген. Құрбандар саны көбейіп келеді. Осы соғыс басталғалы 5 мыңдай палестиналық мерт болды. Солардың 2 мыңы – балалар, мыңнан астамы - әйелдер. Израиль болса, 1400-дей адам жоғалтқанын мәлімдеп отыр. Бұған қоса, мыңдаған тұрғын жараланып, жүздеген мыңы үйлерін тастап кеткен. Газа секторында азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек, отын таусылуға жақын. Ал суықтан босқындар лагерлерінде балалар ауруға ұшырап жатыр. Газа - Израильдің толық блокадасында. Сондықтан, бұл палестиналық анклавқа гуманитарлық көмек кіргізу қиынға соғып отыр.

Стефан Дюжжарик, БҰҰ бас хатшысының орынбасары:

«Газадағы гуманитарлық мәселе жөніндегі өкілдеріміздің айтуынша, бүгін Мысыр жақтан Рафах өткелі арқылы бұл секторға 20 жүк машинасы кірген. Ал сенбіден бері небары 34 машина еніпті. Бұл – қажетті жәрдемнің 4 пайызы ғана. Бұрын Газаға күніне 450 жүк көлігі кіретін. Сонымен қатар, ондағы халық 14 күн қатарынан жарықсыз отыр. Жергілікті ауруханаларда электр қуатымен бірге дәрі-дәрмек те жетіспей жатыр».

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу