Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер Жылу Электр Орталығының бұрынғы басшылары тергеліп жатыр. Олар мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірді деген күдікке ілінді. Дәлірек айтқанда, 4,1 миллиард теңге шығын келген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Тергеу барысында жылу орталығының жабдықтарының әбден тозғаны, жылудың уақытылы берілмегені және жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражаттың жүйелі түрде ұрланғаны анықталған.
Олжас Керейхан