Аягөзде үй өртеніп, бір үйдің 4 баласы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөзде үй өртеніп, бір үйдің 4 баласы қаза тапты

26.10.2023

Абай облысының Аягөз қаласында өрт кезінде бір үйдің төрт баласы қайтыс болды. Анықталғандай, жекеменшік үйде өрт шыққан. Қызыл жалын тұтанғанда онда тек балалар ғана болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен жасөспірімдердің денесін алып шықты. Қазір осы оқиғаға байланысты полиция сараптама тағайындап, тексеру жүргізіп жатыр.

Ержан Жақып

аягөз

Хабарламаларға жазылу