Ақтөбедегі ат спорты мектебінен шу шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі ат спорты мектебінен шу шықты

26.10.2023

Ақтөбедегі ат спорты мектебінен шу шықты. Бұл мекемеге сатып алынған тұлпарлардың құжатта көрсетілгендей асыл тұқымды емес, қарапайым, аралас қанды жылқы екені анықталды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі былтыр көкпарға арналған 13 ат сатып алу үшін байқау жариялаған. Талап бойынша, жылқылар таза қанды, көкпарға машықтанған болуы тиіс еді. Конкурсты екі кәсіпкер жеңіп шыққан. Оның бірі 20 миллион теңгеге 8, екіншісі 15 миллионға 5 ат сатып алған. Бір жыл өткенде олардың талапқа сәйкес келмейтіні белгілі болды. Бұл жағдайға қатысты құзырлы органдарға арыз да түскен. Ал мектеп басшылығының айтуынша, алынған жылқылар көңілдерінен шығады. Қазірдің өзінде жақсы жетістіктерге жетіп жүр екен.

Абат Аймағамбетов, спорт мектебінің директоры:

Қазір тексеріс болып жатыр. Ол тексерістің анығын енді шығарады. Тексеріп болғаннан кейін. Тексеріп кетті. Біздер көрсеттік. Ең болмаса, қаны болсын деп айтамыз ғой, жай жабы аттарды алып келмесін деп.

Жақсыбек Кемал

ақтөбеоблысы

Хабарламаларға жазылу