Жетісу облысында жұмыс сапарының екінші күні Мемлекет басшысы Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді. Мұражай биыл пайдалануға берілген. Ішінде өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған. Президентке музейдегі археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, Қаратал ауданының тарихы және жазушы Кемел Тоқаев, Қазақ ССР халық әртісі Бикен Римова, осы өңірден шыққан ақын-жыраулар, би-шешендер мен елге еңбегі сіңген басқа да тұлғалар туралы тың деректер таныстырылды. Мемлекет басшысы музейде жергілікті зиялы қауым өкілдерімен де жүздесіп, мұражайдағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажет екеніне назар аударды.
Досжан Маратұлы