Ойын бизнесінің салығы 30 % дейін өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ойын бизнесінің салығы 30 % дейін өсуі мүмкін

27.10.2023

Ойын бизнесінің салығы 30 % ға дейін өсуі мүмкін. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылардың, яхта мен жеке ұшақтарға да салық мөлшерлемесі артады. Бұл мәселелер бүгін Үкімет сағатында талқыланып жатыр. Жиын Президент Жолдауын іске асыру шеңберінде салық саясатының және салықтық әкімшілендіруді жаңғыртудың негізгі тәсілдері мен тұжырымдамалық мәселелеріне арналған. Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс депутаттары құмар ойындардың салығын сынға алған еді. Яғни букмекерлік бизнестің табысы бес жылда 35 есе өскен. Жыл сайын миллиардатаған табыс тауып отырған ойын саласының енді төлейтін салығы да өседі. Бұдан басқа, тиімсіз салық жеңілдіктерін оңтайландыру және олардың тиімділігіне мониторинг сапасын арттыру бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу