Сауалнама қорытындысы: Әлеуметтік желі ересектерге кері әсер етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауалнама қорытындысы: Әлеуметтік желі ересектерге кері әсер етеді

27.10.2023

Әлеуметтік желі ересектерді де күйзеліске түсіреді. АҚШ-тағы төрт университет бірлесіп 56 жасқа дейінгі 5 мыңнан астам адам арасында зерттеу жүргізіп, осындай қорытындыға келген. Сауалнама қатысқандардың үштен бірі әлеуметтік желі кесірінен жайсыз сезінгенін хабарлаған. Америкалық психологиялық қауымдастық азаматтар әлеуметтік желіге қанша уақыт бөлетініне мән берген жөн дейді. Өйткені виртуалды әлемде ұзақ отырған адамға назарын шынайы өмірге қайта бұру психологиялық салмақ түсіреді.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу