Чувашия республикасы мен қазақстандық медицина мамандары күрделі опеарацияларды бірлесіп жасамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чувашия республикасы мен қазақстандық медицина мамандары күрделі опеарацияларды бірлесіп жасамақ

27.10.2023

Чувашия республикасы мен қазақстандық медицина мамандары көзге күрделі операция жасау үшін әріптестікті арттырмақ. Чупашкар қаласында 36 жылда 850 мыңнан астам ота жасалған. Ал соңғы медициналық жаңалық- көз қарашығын ауыстырғанда балалардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгеретін жасанды көз линзалары шығарылды. Бұл тіпті жөргектегі сәбилердің көзіне операция жасауға болады деген сөз.

Надежда Поздеева, «Көз Микрохирургиясы» ҒМО Чебоксары қаласындағы филиал директоры:

Қазақстандық дәрігерлермен әріптестігіміз жоғары деңгейде. Бізде істеген білікті мамандар қазір Қазақстанда біліктілігін шыңдауда, сондай-ақ білімді мамандар тәжірибе алмасуға де келеді. Өте күрделі, жоғары технологияны қажет ететін оталарды бірлесіп жасауға болады.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу