Чехияда мыңдаған адам тікұшақтан 1 миллион доллар жауған күнге куә болды. Мұндай акцияны елдегі танымал блогерлердің бірі ұйымдастырған. Алдымен ол өзінің авторлық фильміндегі жасырын кодты тапқан адамға миллион доллар беруге уәде етті. Алайда ешкім жұмбақтың жауабын таба алмаған. Блогер ақшаны өзіне қалдырмай, жаңа конкурс жариялады. Өз оқырмандарын ел астанасы Прагадан 30 шақырым жерге шақырып, оларға тікұшақтан ұсақ купюралармен миллион доллар шашқан. Шараға жиналған мыңдаған адам бір сағатта банкноталарды сөмкелеріне жинап үлгерді.
Арай Төлегенқызы