Әлихан Бөкейханов және ұлт руханияты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Бөкейханов және ұлт руханияты

31.03.2016
Әлихан Бөкейханов және ұлт руханияты
Тарихшы Сұлтан Хан Аққұлұлы Бөкейхановты «әлемге белгілі Махатма Ганди, Ататүрік, Нельсон Мандела сияқты жалпы адамзаттық биікке көтерілген саясаткер»,-дейді.

Әлихан Бөкейханов Қазақ елін Жапония секілді ғылымға сүйенген ұлттық-демократиялық мемлекетке айналдырмаққа талпынды. Алаш қайраткерінің еңбектерін зерттеп жүрген ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы осындай пайым жасап отыр.

«Алаш көсемінің шығыстағы елді мысал-мұрат етуі бекер емес»,-дейді. «Жапония бар-жоғы 40 жылда мешеу хәлден дамыған империяға айналып шыға келді. Әлекең жапонның осы бір кереметін қазақ жұрты да қайталай алады дегенге бек сенді. Оған жету үшін қазақтың оқыған оғландарын ұлтқа қызмет етуге шақырды. Газет ашып, бұқараның көзін ашты. Ұлттық үкіметті құра алды»,-дейді ғалым.

Тарихшы Бөкейхановты әлемге белгілі Махатма Ганди, Ататүрік, Нельсон Мандела сияқты жалпы адамзаттық биікке көтерілген саясаткер,-дейді.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу