Бас Прокуратура Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісіне байланысты тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен Төтенше жағдай министрлігінің мамандары енді.