Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқандар саны 21-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқандар саны 21-ге жетті

28.10.2023

Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқандар саны 21-ге жетті. Қазір оқиға орнынан тілшіміз Руслан Нұрланұлы бізбен байланысқа шығады. Руслан, соңғы ақпараттармен бөліссең.

Құтқарушылар тағы бір кеншінің денесін шығарды. Қайтыс болғандар саны қазіргі сағатқа келіп түскен ақпарат бойынша 21 адам. Сондай-ақ, екі кенші аман табылған. Сонымен қыр басына 208 кенші аман-есен шығарылды. Алайда олардың 18-і ауруханада. Дені метан газынан уланған. Бір адамның жағдайы ауыр. Құтқарушылар шахта астынан тағы 23 адамды іздестіріп жатыр.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу