Президент: «АрселорМиттал Теміртау» - ел тарихындағы ең нашар компания болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: «АрселорМиттал Теміртау» - ел тарихындағы ең нашар компания болды

28.10.2023

Президент: «АрселорМиттал Теміртау» - ел тарихындағы ең нашар компания болды

«АрселорМиттал Теміртау» - ел тарихындағы ең нашар компания болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы мәлімдеді. Компаниямен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма беріп, тиісті шара қабылданатынын жеткізді. Әрі қазіргі басшылықтың қолынан ештеңе келмейтінін айтып, бұдан былай Басин Вадим Борисовичке кәсіпорынды басқаруды тапсыратынын айтты. Ол бір кездері «АрселорМитталда» жұмыс істеген. Облыс әкімінің орынбасары болды.

Мемлекет басшысы жер астында қалған кеншілерді құтқару, зардап шеккен және қаза болған азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсету – кезек күттірмейтін міндет екенін айтты. Апаттан зардап шеккендердің барлығының отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Қажет болса, арнайы қор ашамыз. Мұнымен өзім айналысамын, – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазіргі уақытта кеншілердің зейнетке шығу жасына қатысты мәселе қарастырылып жатқанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

Бәрін түсінемін. Үкімет, әкімдік және қайырымдылық ұйымдарының алдында жан-жақты көмек көрсету міндеті тұр. Көмек болады. 


Хабарламаларға жазылу