Еліміздің Бельгиядағы елшігінің ұжымы мен осы мемлекеттегі қандастарымыз да аза тұтып жатыр. Көк тудың төмен түскенін көрген бельгиялықтар, еуропалықтар Брюссельдегі Қазақстан елшілігіне барып, қайғыға ортақтасуда. Елшілікте виртуалды көңіл айту кітабы ашылған. Еуропалық дипломаттар, саясаткерлер сол кітап арқылы қазақстандықтармен бірге екенін жеткізуде.