Ресейдің Солтүстік Кавказында Палестинаны жақтайтын топ Махачкала әуежайына басып кірді. Жиналғандардың кейбіреуі қолдарына Палестина туын ұстап барған. Олар Тель-Авивтен келген ұшақтан израильдік азаматтарды іздеп, осы рейстен шыққан жолаушылардың төлқұжаттарын тексерген. Наразы топ әуежай қызметкерлерінен «израильдік босқындарды» қайда жасырғанын тауып беруді талап етіп, есіктерді сындырған. «BBC»-дің хабарлауынша, оқиға кезінде 20 адам жараланды. Осы оқиғадан соң әуежай бір аптаға жабылды.
Арай Төлегенқызы