Жер астында қалған кенші әлі табылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер астында қалған кенші әлі табылмады

30.10.2023

Шахта астында қалған кенші әлі табылмады. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов апат болған аумаққа өзі түскен болатын. Қазір әскери мамандандырылған апаттық құтқару қызметінің бөлімшелері бір-бірінен 6 шақырым қашықтағы екі өндіріс учаскесінде жұмыс істеуде. Жарылыстың күштілігінен біраз аумақты тау-кен үйінділері, шахта қондырғыларының бөлшектері басып қалған. Ал метан газынан қауіп жоқ. Апат кезінде 45 адам қайтыс болды. 208 кенші аман қалды. 20 астамы ауруханада ем қабылдауда. Жағдайлары бір қалыпты

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу