Батыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория ашылды

31.10.2023

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Асан ауылында тұрғындар көптен күткен дәрігерлік амбулатория ашылды. Ғимарат құрылысы төрт айда аяқталып, ел игілігіне берілді. Іші-сырты қажетті заманауи құрал-жабдықпен қамтылған. Медициналық нысанға 1700 адам тіркелген. Оларға жалпы тәжірибе дәрігері, фелдьшер, мейіргер, зертханашы қызмет көрсетеді. Бұрын тұрғындар қосымша дәрігерлік көмек алу үшін көрші ауыл мен қалалық емханаға баруға мәжбүр еді. Енді алысқа сабылмайтын болды. Амбулатория «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды.

Индира Битанова, ауыл тұрғыны:

Бұрын ауылдық фельдшерлік бөлімшеге қаралатын едік. Ғимарат өте ескі болды. Енді бәріміз осындай хабар естігелі, қуанып жатырмыз. Керемет зәулім ғимарат салынып, ақ халатты жандар бізге жақсы көмек көрсетеді деп ойлаймыз.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу