Қазақстан мен Түркия арасындағы достық мәңгі жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Түркия арасындағы достық мәңгі жасайды

31.10.2023

Астанада өткен Түркияның 100 жылдығына арналған жиынында, Мемлекет басшысының құттықтауын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жеткізді. Ел президенті Түркия мен Қазақстан арасындағы берік достық қарым-қатынас әлі де нығая түсетінін айрықша атап өткен. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов Қарағандыдағы қайғылы жағдайға байланысты қолдау білдірген Түркия басшылығы мен дипломатиялық корпус өкілдеріне алғысын жеткізді. Палата төрағасы ТүркПА секілді халықаралық алаңдардағы ынтымақтастыққа да тоқталды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Бүгінгі Анадолы қарқынды дамуға қол жеткізіп, жаһандық деңгейдегі көшбасшы, әрі қуатты елдердің қатарына енгенін ерекше қуанышпен атап өтемін. Қазақстан мен Түркияның берік достық пен өзара қолдауға негізделген қарым-қатынастары, ағайын халықтардың игілігі үшін кеңейтілген стратегиялық, әріптестік рухында ғасырдан-ғасырға жалғаса беретініне кәміл сенімдімін.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу