Ақтөбе қаласында Қазақстан шахмат федерациясының филиалы ашылды. Мақсат – облыста бұл ойын түрін одан әрі дамыту. Әсіресе, жастар арасында кеңінен насихаттау.
Аймақтық филиалдың тұсаукесері өңірге келген «Шахмат керуенінің» шарасымен тұспа-тұс келді. Арнайы тігілген мобильді киіз үйде швейцариялық жүйе бойынша турнир де ұйымдастырылды. 11 кезеңнен тұратын блицке 20 әуесқой ойыншы қатысты. Жеңімпаздарға ақшалай жүлде табысталып, Түркістанда өтетін финалдық ойындарға жолдама берілді. «Шахмат керуені» бұған дейін еліміздің 14 облысында болған еді. Енді Орал, Атырау және Ақтау қалаларына барады.
Марат Есенов, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті:
11 қыркүйекте Көкшетау қаласынан бастаған болатынбыз. Негізгі мақсат – Қазақстанда шахматты дамыту.Екіншіден барлық облыстарда филиалдарымызды ашу.
Жақсыбек Кемал