Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты. Ол екінші айналымда әлемнің 20-шы ракеткасы Чили өкілі Николас Харримен шеберлік байқасып, қос тай-брейкте 7:6 және 7:6 есебімен басым түсті. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық спортшы 10 эйс жасағанымен, 6 брейк-пойнтты өз пайдасына шеше алған жоқ. Есесіне тай-брейкте сәтті ойнады.
Естеріңізге саламыз, осы турнирдің бірінші айналымында Александр Бублик әлемнің 14-ші ракеткасы америкалық Фрэнсис Тиафоны жолдан тайдырған еді.
Берік Көшербай