Қазақстан мен Франция президенттері келіссөз жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Франция президенттері келіссөз жүргізді

01.11.2023

«Франция Қазақстанның Еуропа Одағындағы басты және сенімді серіктесі, әрі ел экономикасының ірі инвесторының бірі». Франция президенті Эмманюэль Макронмен өткен шағын құрамдағы келіссөзде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Тараптар саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық жақсы дамып келе жатыр. Дегенмен екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беру керек. Сондықтан сіздің сапарыңызды тарихи, өте маңызды деп айтуға болады.

Эмманюэль Макрон, Франция президенті:

Бүгін біз өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, БҰҰ Жарғысын, соның ішінде аумақтық тұтастық, ұлттық тәуелсіздік қағидаттарын сақтауға бейілді екенімізді тағы да нақтылай аламыз. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылаймыз. Біз экономикалық тұрғыдан серіктес елдерміз.

Бұдан соң тараптар кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, нәтижесінде делегация мүшелері 6 құжатқа қол қойды.

Данияр Қайыртай


Хабарламаларға жазылу