Қайыңдыға жол түсіп, бөгет салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайыңдыға жол түсіп, бөгет салынады

01.11.2023

Алматыдағы Ұлттық парк аумағында экотуризм қарқынды дамып жатқанымен, туристерге қолайлы жағдай жасалмаған. Орнатылған әжетханалардың өзі талапқа сай емес. Одан бөлек, қоқыс шашылып жатады, ал туристік аумаққа апаратын жолдың сапасы сын көтермейді.

«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркі өкілдері олқылықтарды келесі жылдан қалдырмай түзейміз деп уәде беріп отыр. Ең алдымен туристер ең көп баратын Қайыңды мен Көлсайдағы инфрақұрылымға мән берілмек. Мысалы, жуырда жол апаты болып, 34 адам жарақат алған Қайынды көліне апаратын 12 шақырымдық жол жөнделмек.

 Сондай-ақ, жыл сайын құрылысы шегеріліп келе жатқан бөгет мәселесі де шешімін таппақ.

Хамит Ахметов, «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары:

Қайыңды көліне дейін жол салуға 1,5 млрд теңге бөлінеді. Ол жоспар келесі жылы іске асады. Тағы бір мәселе Қайыңды көліне тоспа салу. Оның құны 600 млн теңге шамасында. Болашақта Көлсай көлдерінде қарастырылып жатқан үлкен жоба, автотұрақ салынады. Сол автотұраққа келетін жеңіл көліктер, автобустар қалдырылады да, әрі қарай Көлсайға заманауи электромобильдер облыстық қаражаттан бөлініп жатыр, 10 электромабиль таситын болады.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу