Астанада ата-аналар арасындағы зияткерлік ойын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ата-аналар арасындағы зияткерлік ойын өтті

01.11.2023

Елордада мектеп оқушыларының ата-аналары арасында «Брэйн рэйн» республикалық зияткерлік сайысы өтті. Еліміздің 200-ден астам лицейінен жасақталған 18 команда ішінен үздік алтауы шешуші сынға жолдама алған. Ата-аналардың білім деңгейі 6 кезеңнен тұратын байқау арқылы сынға түсті. Командалар 25 сұраққа жауап беріп, өзара кіл мықтыны анықтады. Әртүрлі тақырыпты қамтитын сұрақтардың басым көпшілігі мектеп бағдарламасынан алынған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын өткізілетін жарыстың ата-ана мен оқушы және мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда пайдасы мол. Білім бәсекесінің жалпы жүлде қоры – 600 мың теңге.

Арафат Нұрлақов, «Білім-Инновация» ХҚҚ қоғамдық қатынастар жөніндегі вице-президент:

Бұл - ата-анамен тығыз жұмыс жасау. Ата-ана, мектеп, оқушы үштік одағының ынтымақтастығы. Сондықтан осының аясында біз тек қана оқушылардың арасында емес, ата-аналардың арасында дәстүрлі аймақтық кезең, содан кейін осындай финалдық кезеңін Астана қаласында өткіземіз.

Қаракөз Кенжебаева


Хабарламаларға жазылу