Несие алу қиындайды. Банктен қарыз алу үшін азаматтарға табысын ресми растау міндеттеледі. Тиісті заң жобасын Ұлттық банк әзірледі. Бұл жайында банк төрағасы Тимур Сүлейменов депутаттық сауалға жауап беру кезінде мәлімдеді.
Сондай-ақ, тұтынушылық несие үшін алынатын қосымша құн салығының мөлшерін өседі. Ал кәсіпкерлерге несие беру кезінде бұл төлемді керісінше азайтпақ. Бұл бизнесті қолдау үшін іске жасалған шара.
Бұдан бөлек, Ұлттық банк бағалы қағаздар бойынша табыс салығын енгізуді ұсынып отыр. Былтыр бағалы қағаздар бойынша бюджетке банк секторынан 96 млрд, ал құнды қағаз иелерінен 165 млрд теңге кіріс түскен.
Айя Мүтәлі