Энергетика саласындағы ынтымақтастық талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика саласындағы ынтымақтастық талқыланды

02.11.2023

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов франциялық «Orano» компаниясының бас операциялық директоры Николя Маспен энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Кездесуде Премьер-министр Қазақстан мен Франция энергетика саласында байырғы стратегиялық әріптес екенін атап өтті.

«Orano» – біздің осы бағыттағы маңызды және сенімді серіктесіміз. Компания Қазақстанда 27 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бұл орайда, «Катко» бірлескен кәсіпорны – ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестіктің дәлелі. Біз ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастыруға дайынбыз», - деді Әлихан Смайылов. Өз кезегінде Николас Мас «Orano»-ның Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылығын білдірді.

Данияр Қайыртай


Хабарламаларға жазылу