Ақтауда жаппай төбелестен кейін қамауға алынған 6 жасөспірім қолхатпен үйіне жіберілді. Аймақ полициясы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың көбеюіне алаңдап отыр.
Айта кетейін, жаппай төбелес 27-ші қазанда болған. 2 шағын ауданның 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдері бір-бірін аямастан бөтелке лақтырып, қару қолданды, бұзақылық жасады. Нәтижесінде полицияға 76 күдікті жеткізілді. 6 бала уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сол жасөспірімдер енді сот шешімін үйінде күтетін болады. Аймақта 165 жеткіншек есепте тұр. Ал биыл бұзақылық және зорлау дерегімен 3 жасөспірім қамалып, түзеу колонияларына жіберілген.
Аягөз Оралбайқызы