Соңғы 10 айдың ішінде Мемлекеттік бақылау 3 мыңнан аса заңбұзушылықты анықтап, 274 әкімшілік іс қозғалды. Жалпы салынған айыппұл құны 200 млн теңгеден асады. Мәселен, 10 өңірде автохимияның техникалық регламенттері сақталмаған. Сонымен қатар, 22 аккредиттеу аттестаты алынып тасталды. Сондай-ақ, өнім қауіпсіздігі туралы берілген 300-ден астам құжат жарамсыз деп танылды.
Ержан Қарасаев, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК Бас директорының орынбасары:
Мысалға айта кетсек, Қарағанды облысының Экология департаментінен «Арселормиттал» мекемесінің қоршаған ортаны қорғау зертханасына арыз-шағым түскен болатын. Тексеру нәтижесінде, топырақтың сапасы, ауаның сапасын анықтауда оларға тиесілі емес, нормативтік құжаттарды пайдаланғаны анықталды. Сондықтан да, осы зертханаға қатысты аттестатын қайтарып алу шарасы қолданылды.
Самал Қабышева