Ішкі істер министрлігі 8 қалада ауқымды операция жүргізді. 104 тоннадан астам көкнәр сабаны тәркіленді. Бұл іс бойынша қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталды. Олар 15 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ көкнәр сабанынан бөлек, 600-ден астам «тропикамид» және «мидекс» дәрілік препараттарының бөтелкелері де анықталған. Жалпы тәркіленген өнімнің құны 4 млрд теңгеге бағаланады.
Азамат Бейбітұлы