«Арселормиттал Теміртауға» қатысты мәлімдеме жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арселормиттал Теміртауға» қатысты мәлімдеме жасалды

06.11.2023

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Үкіметке өтуіне қатысты мәлімдеме жасады. Үкімет компанияның келісімдерін орындауға қатысты барлық жауапкершілікті қабылдап алды, - делінген ведомство хабарламасында.

28 -ші қазан күні Костенко шахтасында апат болып 46 адам қаза тапты. Осыған байланысты кәсіпорынның меншік иелігін мемлекетке қайтару туралы жұмыстары басталған болатын. Дегенмен қос тарап серіктестеріне, тұтынушылары мен мердігерлерге «Арселор Миттал Теміртаумен» жасалған барлық құқықтық міндеттер сақталатынын жеткізді. Бұл ретте болат, көмір өндірісі, «Өркен» кен орны, қосымша кәсіпорындар, соның ішінде Ақтау құбыр зауыты және ТМД елдеріндегі өкілдердің құқықтары бар. Сонымен қатар барлық тапсырыстар, жөнелтулер, жеткізушілермен арадағы келісімдер күшін жоймайды.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу