Әкімдер сайлауы республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Ал сайлаушылардың келуі 62,76 пайызды құрады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы жариялады. Айта кетейік, жексенбі күні 42 аудан және облыстық маңызы бар 3 қаланың әкімдері сайланды. Науқан пилоттық режимде өтті. Бюллетеньдерге 125 кандидат енгізілген. Ал сайланған әкімдердің орташа жасы анықталып отыр, ол – 46 жас.
Жандос Темірғали