Қарағанды облысында Сібір жарасын жұқтырған науқастар сауығып келеді. Ауруханадағы екі адамның бірі әзірге жансақтау бөлімінде жатыр. Бірақ бұрынғыға қарағанда жағдайлары әлдеқайда жақсы дейді дәрігерлер.
Естеріңізге сала кетейік, 26 қазанда Топар кентінде үш адам сібір жарасын жұқтырып, бір тұрғын қайтыс болды. 11 мың халқы бар елді мекен содан бері карантинде. Қазір ауылда жағдай қалыпты.
Руслан Нұрланұлы