Ақтауда заңсыз салынып жатқан қонақ үй сүрілді. Нысан өндірістік аймақта орналасқан. Тексеру нәтижесінде, ғимараттың рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқаны анықталған. Соған байланысты құзырлы орган кәсіпкерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес айыппұл салып, құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтатуды тапсырған. Талап орындалмаған соң, заңсыз құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шықты. Қалада бұдан басқа да рұқсатсыз салынып жатқан 28 құрылыс нысаны бар. Соның 21-ін бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне енген.
Жәнібек Маханбетов, Ақтау қалалық аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы:
Күшіне енген сот актісін біле тұра, бұл сот актісін орындау керектігі туралы хабарламаны ала тұра, жеке кәсіпкер сот актісін орындауға ешбір әрекет жасамаған. Осы орайда Маңғыстау облысы сәулет құрылыс басқармасына ықпал ету хаты жолданды.
Аягөз Оралбайқызы