Алаяқтар ақша жымқырудың тағы бір жолын тапты. Салық төлеу туралы жалған шот ұсынып, банк есепшоттарынан қаражат алып қояды. Қаржы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өз сайтында осындай ескерту жариялады. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде алаяқтар «банктің мобильді қосымшасы» арқылы жалған хабарламалар жіберіп, салық міндеттемесін орындау туралы сілтеме жіберетін болған. Батырманы басқан кезде, банктік шоттағы қаражат растаусыз-ақ алынады. Осыған байланысты салық берешегі туралы хабарламалар алған кезде мұқият болуға шықарады. Салық бойынша берешектің бар-жоғын, сілтемені бастай тұрып, алдымен анықтап алуға кеңес береді.
Торғын Мелісқызы