9 жастағы ақтөбелік халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9 жастағы ақтөбелік халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

07.11.2023

9 жастағы ақтөбелік Ақерке Орынбайқызы Америка құрама штаттарында өткен ән байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Нью-Йорк қаласындағы сайыста ол қазақ және ағылшын тілдерінде ән шырқады.

Ақерке Әйтеке би ауданы, Ақтасты ауылында тұрады. Бес жасынан бастап ән айтады. Бұған дейін де халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Дегенмен бұл жолғы марапаттың жөні бөлек. Ауыл мектебінде білім алып жүрген жас таланттың өнерін қазылар жоғары бағалады. Ақеркенің өзі болашақта Димаш ағасы секілді биік белестерді бағындыруды армандайды.

Гүлжамал Манасова, музыка мектебінің мұғалімі:

Көп дайындалды.Үш айдай дайындалды осы конкурсқа.Соның арқасында бас жүлде алды. Еңбекті ақтады. Жарайсың.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу