Несие беру талаптары қатаңдатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несие беру талаптары қатаңдатылады

07.11.2023

Елімізде несие көлемін азайту үшін қарыз беру тәртібі қатаңдатылмақ. Бүгін Ұлттық банк ол үшін заңға қандай өзгерістер әзірленіп жатқанын хабарлады. Ең алдымен несие алушының табысына қатысты талап күшейтілмек.

Яғни, банктер қазіргідей берешекті оңды-солды бере бермейді. Клиенттің ресми табысын ескеріп беруге міндеттелмек. Бұл адамдарға артық қарыз беруді шектейді дейді мамандар. Сондай-ақ, сарбаздарға несие беруге тыйым салынбақ. Әрі банктер мен микроқаржылық ұйымдар бұдан былай қарызды өндіру бойынша коллекторлық компанияларға жүгіне алмауы мүмкін.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу