Халықтың табысы артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың табысы артып келеді

07.11.2023

Несие мен қоса жұрттың табысы да артып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, үшінші тоқсанда ел азаматтарының жалақысы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 17 проценттей көтерілген.

Яғни, шілде, тамыз және қыркүйек айларында ел бойынша орташа жалақы мөлшері 350 мың теңге болған. Ал өткен жылы үшінші тоқсанда ол 290 мың теңге еді. Ең көп жалақыны тау-кен өндірісі, қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері алады екен.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу