Сербияда полиция 4 мыңнан астам мигрантты ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сербияда полиция 4 мыңнан астам мигрантты ұстады

09.11.2023

Сербия полициясы 4500-ға жуық мигрантты қамауға алды. Шетелдіктер екі апта бойы жүргізілген рейд барысында ұсталған. Ел аумағында мұндай операция үш мигранттың өлімінен кейін басталды. Полиция рейд кезінде адам саудасына қатысы бар, қару-жарақ пен есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен 119 адамды ұстаған. Олардан түрлі қару-жарақ, жүздеген шетелдік төлқұжат тәркіленді. Әзірге мигранттардың қай ел азаматтары екені жария етілген жоқ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу