Қазақстан дипломатиялық орталыққа айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан дипломатиялық орталыққа айналды

09.11.2023

Қазақстан көпвекторлы саясатының арқасында әлем үшін дипломатиялық орталыққа айналды. Бұған жаһан жұртшылығының да көзі жетіп отыр. Ал Ресей Президентінің сапары шекаралас орналасқан аймақтардың да бірқатар мәселелерін шешуге септігін тигізеді дейді Сенат депутаттары.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Біздің халықаралық қатынастар бағытында іс-қимылы жан-жақты әрі әлемдік деңгейде нығайып жатқанын білдіріп отыр. Біріншіден, осы бойынша бізді ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ. Мұның бәрі біздің дипломатиялық жетістігіміз. Бұның барлығы бірінші кезекте біздің еліміздің мүддесін одан сайын нығайтуға сонымен қатар халықаралық аренада өзіміздің тайға таңба басқандай ойып тұрып орын алатындай іс әрекеттер.

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Шекарааралық кездесулердің маңыздылығы әрине мемлекетаралық маңызды сұрақтар қарастырылатын болса, екіншіден өңіраралық, шекаралас жатқан өңірлердегі көптеген қордаланған мәселелер: газ болсын, су болсын өзге де өндіріске қатысты бірқатар мәселелер заңнамалық мәселелер қарастырылады. Сондықтан мұндай кездесулердің маңыздылығы жылдан жылға арта түседі деп ойлаймын. Шекарааралық кездесулердің маңыздылығы әрине мемлекетаралық маңызды сұрақтар қарастырылатын болса, екіншіден өңіраралық, шекаралас жатқан өңірлердегі көптеген қордаланған мәселелер: газ болсын, су болсын өзге де өндіріске қатысты бірқатар мәселелер заңнамалық мәселелер қарастырылады. Сондықтан мұндай кездесулердің маңыздылығы жылдан жылға арта түседі деп ойлаймын.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу