Қазақстандағы кен орындарында жасанды интеллект енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы кен орындарында жасанды интеллект енгізілмек

09.11.2023

Қазақстандағы кен орындарында жасанды интеллект енгізілмек. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан мұнай газ саласын цифрландыруға қатысты халықаралық конференцияда айтылды. Қара алтын секторында айшықты орны бар сарапшылар пікірін тілшіміз Жандос Темірғали тыңдады. 

Жандос Темірғали, тілші:

Конференцияға энергетика секторында ойып тұрып орын алатын 15 шетелдік компания қатысып жатыр. Осы салада қолтаңбасы бар сақа сарапшылар өздерінің соңғы зерттеулерімен таныстырып, жобларын ұсынады. Қолданыстағы озық тәжірибелерімен бөліседі. Қанат қақты бастамалардың бәрі мұнай газ секторының жілігін шығып, майын ішкен ІТ мамандардың сүзгісінен өткен. Біздегі кеніштер енді – заманға сай жасанды интелектімен қарулануы тиіс. Біз, басқосуға дейін АҚШ-тан келген маманнан сұқбат жазып алған едік. Қазір содан үзінді тыңдайық.
Антон Мельник, Мұнай- сервис компаниясының директоры /АҚШ/:

Қауіпсіздік бірінші орында. Сондықтан – жасанды интелекті ұғымы маңызды. Бұл қазіргі заманның сұранысы. Кен орындарын игеруді ІТ салаға бағыттасақ, ұшан-теңіз пайдаға кенелуге болады. Бұған қазақстандық өндіріс ошақтары әбден дайын. Сіздерде сандық жүйе жақсы дамыған.
Жандос Темірғали, тілші:

Әлемдік сарапшылар ІТ саласына негізделген 6 жобаны ұсынады. Кейін, үздігін салаға жауапты министрлік кеніштерге енгізу бойынша жұмыс жүргізеді. Біздегі мұнай өндіретін кәсіпорындардың 95 пайызы цифрлы жүйеге көшкен. Бұл жетістік – жасанды интелектіні енгізуде көмекші құрал болады. Көшбасшы мамандар ертең де пікір алмасады. Жалпы конференцияға 150-дей адам қатысып жатыр.
Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу