Бүгін Қазақстанға Ресей Президенті Владимир Путин ресми сапармен келді. Көрші ел басшысын елорда әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Кейін Ақордада салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Протоколға сай, алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Кейін құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Бұдан соң мемлекеттер басшылары Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына онлайн режимде қатысты.
Данияр Қайыртай