Атырау қаласының бұрынғы әкімі қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау қаласының бұрынғы әкімі қамауға алынды

10.11.2023

Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаев қамауға алынды. Ол жер телімдерін заңсыз сатқан деген күдікке ілінген. Қазір уақытша ұстау изолятрында.

Экс-шенеунік 2020-2022 жылдар арасында қала әкімі лауазымын атқарды. Қаңтар оқиғасынан кейін орнынан кетті. Ал бұған дейін әкімдіктің үш қызметкеріне «Алаяқтық» және «Өкілеттіліктерін теріс пайдаланды» деп айып тағылып, қамауға алынған болатын. Олар қаланың элиталы аудандарындағы 27 жер телімін сатып, мемлекетке 1 миллиард теңге шығын келтірген. Қылмыстық іс қозғалды.

Тәуірбек Бөзекен


Хабарламаларға жазылу