Пәкістанда ауаның ластануынан мыңдаған адам науқастанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда ауаның ластануынан мыңдаған адам науқастанды

10.11.2023

Пәкістанның мәдени астанасы Лахорда ауаның ластануынан ондаған мың адам ауырып қалды. Олардың көбін жөтел қысып, тынысы тарылған. Мұны жергілікті үкімет хабарлап отыр. Экологияның нашарлауына байланысты мектептер, базарлар мен саябақтар төрт күнге жабылған.

Дәрігерлер халықты маска тағуға және үйден шықпауға шақырды. Олардың сөзінше, бұл екеуі - респираторлық ауруға ұшырамаудың, көзге инфекция түсірмеудің және тері ауруларының алдын-алудың негізгі жолдары.

Сарапшылардың ойынша, Лахорды қою түтін басуына егістік алқаптарында сабанның жаппай өртелуі және желдің әлсіздігі себепші.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу