Өзбекстанға жанар-жағармайды заңсыз тасымалдайтындар азаяр емес. Әсіресе күзгі жиын-терін кезінде алыпсатарлар сұйық отынды жүк көліктеріне жасырып, шекарадан өтуге тырысады. Жыл басынан бері мамандар Өзбекстанға мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау бойынша 242 дерек тіркеген.
Серік Мәліков, Түркістан облыстық МКД басқарма басшысы:
Үш автокөлікпен ерітінді затты декларация қылып көрсетіп, тиісті кедендік бақылаудың нәтижесімен АИ-92 бензині болып анықталып, қазіргі таңда процесуалдық шешім қабылдануда.
Айнұр Әбілқасымқызы