Мектеп мұғалімдері шетелде тағылымдамадан өтеді. Тисінше, одан кейін ұстаздарға қойылатын талап та күшейеді. Шығыс Қазақстан облысындағы білім саласының мамандарымен кездескен оқу-ағарту министрі-Ғани Бейсембаев осылай деді. Министр мектеп директорларына ротация жасау жалғасатынын жеткізді. Өйткені кейбір басшылар бір мекемеде 10-15 жылға дейін отыр. Оған қоса мұғалімдерді ынталандыру мен марапттау ережесі де өзгереді. Ал мектеп асханаларындағы мәзір қатаң қадағаланады. Оқушыларға берілетін ас-ауқаттың сапасына осы жұмысты үйлестіруші кәсіпкерлер тікелей жауапты болады.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Бүгінгі күні біздің талаптардың ішінде бұрын бракераждық комиссия тек қана айына 1 рет қадағалап отыратын болса біз қазір өзгеріс енгіздік. Қазір күн сайын қарауға мүмкіндік туғыздық. Ата-аналар күнде балалардың қалай тамақтанып отырғанын көруге болады. Ол үшін кез-келген ата-ана бракераждық комиссияға кіруге мүмкіндіктері бар.
Нұрсұлтан Тілектес