Үндістан билігі ауа сапасын жақсарту үшін жасанды жолмен жаңбыр жаудырып көрмек. Мұндай шара зиянды түтін басқан Нью-Делиде қарашаның 20-нан бастап қолға алынады.
Ел астанасында ауа сапасының индексі 500-ге жетіп қалған. Бұл – денсаулыққа өте қауіпті деңгей. Ауаның ластануынан мектептер жабылып, құрылыс тоқтады. Көлік қозғалысы шектелмек. Айналаны қою түтін басуына фермерлік штаттарда сабан өртеу науқанының басталуы, желсіз, тымық ауа-райы себеп.
Арай Төлеген