Маңғыстауда 76 мың адам мүлік салығын төлеуден қашып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 76 мың адам мүлік салығын төлеуден қашып жүр

10.11.2023

Маңғыстаудың 76 мыңнан астам тұрғыны мүлік салығын төлеуден қашып, жалтарып жүр. Олардың қарызы 105 млн теңгеден асады. Қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасы берешекті 15 қарашаға дейін төленбесе, оларға шетелге шығуға әрі мүліктерін қолдануға шектеу қойылатынын хабарлады.

Сондай-ақ, банктегі есепшоты бұғатталады. Сот орындаушыларына қарыз мөлшерінің 25 пайызын төлеуге міндеттеледі. Бүгінде аймақта салық берешегін кешіктіріп төлейтіндер азаймай тұр.
 
Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу