Алматыға келетін шетелдік туристер саны 73 пайызға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыға келетін шетелдік туристер саны 73 пайызға артты

10.11.2023

Алматыға келетін шетелдік туристер саны 73 пайызға артты. Қалаға жарты жылда 261 мыңнан астам шетелдік қыдырып келген. Олар қонақ үйлер мен хостелде тұрақтаған әрбір тәулік үшін жарна төлеуге міндетті. Төлем мөлшерін жергілікті әкімдік белгілейді. Ол 5 пайыздан аспауы тиіс.

Ал Ұлттық банк бұған дейін шетелдік қонақтардың әрқайсысы орта есеппен мың жарым доллар жұмсайтынын айтқан еді. Осылайша, туризм саласынан бюджетке 389 миллиард теңге салық түскен. Оның 86 пайызы осы Алматыға тиесілі.  

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу