Қазақстан әлі күнге қала құрылысын кеңестік стандарттар негізінде жүргізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан әлі күнге қала құрылысын кеңестік стандарттар негізінде жүргізеді

11.11.2023

Қазақстан әлі күнге қала құрлысын кеңестік стандарттар негізінде жүргізеді. Бұл қазіргі жағдайға мүлдем сай келмейді. Салдарынан қоғамда құрлысы сапасына қатысты сын көп. Жылу мен судың жетпей қалуы, ұзын сонар кептеліс сол проблемалардың бір парасы ғана. Сондықтан тұрғын үй салу мен инфрақұрылым жүршізуде батыстық стандарттарды назарға алған жөн дейді АҚШ-та урбанистика мамандығы бойынша магирстартурада оқып жатқан Ердәулет Тастанбек. Жас урбанистің пікірін тыңдаған әріптесім Жалғас Сәдібекұлы тарқатсын.

Ердәулет Тастанбек Бостон университетінде қаланы жоспарлау және урбанистика мамандығында оқиды. АҚШ-тың қала құрлысын тереңінен зерттеп жатқан болашақ стипендиаты мұндағы шаһарлар халық сапалы өмір сүруі үшін барынша қолайлы етіп салынған дейді. Жол, электр жарығы, су, мектеп мен аурухана тапшылығы секілді мәселелер жоқ. Себебі, тұрғын үйдің ірге тасы қаланбай тұрып, инфрақұрлымы жүргізіледі, қажетті әлеуметтік нысандар салынады. Жалпы, бас жоспар халықтың пікірін ескере отыр түзіледі.

Ердәулет Тастанбек, Бостон университетінің магистранты:

Америкада Community Engagement деген бар. Community Engagement дегеніміз ол қоғаммен байланыс. Мысалы, қаланы жоспарлаған кезде кез келген көшеге дүкен салып жатса да, олар сол қаланың тұрғындарынан сұрайды. Осындай халықпен байланыс бізде қазірде жетіспейді.

Қолданыстағы құрылыс стандарттарының өзгермеуі сапаға тікелей әсер етеді деп санайды Ердәулет. Яғни, кеңестік кезіндегі ережелер әлі де басым. Сондықтан маманның айтуынша, қазіргі сұранысқа сай келмейтін талаптарды жойып, озық шешімдерді енгізбей саладағы проблемаларды еісеру қиын болмақ.

Ердәулет Тастанбек, Бостон университетінің магистранты:

Қазіргі кезде Қазақстанда көбінесе үй салып жатқан кезде СНиП стандарттар, яғни көбінесе ТМД елдері қолданылатын стандарттарды қолданады және сол стандарттар соңғы тәуелсіздік алған кезден бастап қазіргі күнге дейін қолданылып келе жатыр. Негізінен әлемдік стандарттар бойынша ең үздік ол американдық және еуропалық стандарттар болып саналады. Болашақта енді Қазақстан сол стандартқа өтуі керек деп есептеймін.

Батыс стандарттарының тағы бір ерекшелігі қоршаған ортаға зиянын мейлінше азайту үшін қалдықсыз құрлыс жүргізуге басымдық беріледі. Ердәулет Тастанбектың айтуынша, елімізде де құрылыс алаңдарынан күнделікті шығып жатқан қалдықтарды қайта кәдеге жаратуды ойластырған жөн.

Жалғас СӘДІБЕКҰЛЫ


ҚАЗАҚСТАН құрылыс тұрғын үй құрылысы

Хабарламаларға жазылу